Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Тегерандағы Boeing ұшағының құлау себебін атады.
«Әуе апатының әртүрлі нұсқалары зерттеліп жатыр: зениттік зымыранмен атып түсіру (өйткені апат маңынан ресейлік зымыранның қалдықтары табылды), ұшқышсыз ұшу аппаратымен соқтығысып қалу, техникалық ақауға байланысты қозғалтқыштың жарылуы және лаңкестік нәтижесіндегі апат», - деді А.Данилов.
Хатшының айтуынша, Украина өкілдері апат маңынан зымыран қалдықтарын іздеу үшін Иран билігімен мәмілеге келуде. Сондай-ақ, Киев апаттың себебін анықтау үшін арнайы мамандарды жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Иран телеарналары Boeing-тың техникалық ақауға байланысты құлауы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Ал әуе компанияның президенті ұшақтың жаңа екенін (2016 жылы шыққан), техникалық ақауы болмағанын айтып еді.
Фото: ria.ru