Жолдағы қарды жөндеп тазартпағаны үшін «Қазавтожол» жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдағы қарды жөндеп тазартпағаны үшін «Қазавтожол» жауапқа тартылды

09.01.2020

Қостанай облысында республикалық маңызға ие жолдың қарын жөндеп аршымағаны үшін «Қазавтожол» мекемесі жауапқа тартылды. Мемлекеттен миллиондаған қаржы алып отырған мердігер өз міндетін талапқа сай орындамаған. Алматы-Екатеринбург тас жолының белгілі бір бөлігі уақытында тазартылмай, соның кесірінен көлік қозғалысы қиындады. Жүргізушілердің шағымы бойынша тексеру жүргізген құзырлы орындар бұл келеңсіздікке мердігердің жауапсыздығы себеп болғанын анықтап отыр.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу