Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды.
Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты өкілдері хабарлады.
Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген.
Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Ғалымның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналды.
1989 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, 1996 жылдан бері бірінші президенті болды, 2004 жылдан бастап президенті.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Фото:Ⓒtarlan.kz