АҚШ президенті Дональд Трамп әскери базаға Иран жасаған зымыран шабуылына байланысты үндеу жасады. Президенттің үндеуін RT телеарнасы жариялады.
«Мен президент болып тұрғанда Иранға ядролық шабуыл жасалмайды», - деді Трамп сөз басында. Оның айтуынша, АҚШ Тегеранға қарсы қатаң экономикалық санкциялар енгізуде. Бұл санкциялар Иран ойын өзгертпейінше күшінде қалатын болады.
Президент бұдан кейін Ирак жасаған шабуылдан АҚШ әскерилері зардап шекпегенін, адам шығыны жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, Трамп: «Иран шегінген сияқты. Бұл бүкіл әлем үшін жақсы», деді.
Президент Америкада үлкен және қуатты зымырандар бар екенін де атап өтті: «Біздің ракеталарымыз үлкен, қуатты, дәл әрі жылдам. Көптеген гиперсониялық зымырандар жасалуда. Бірақ бізде осындай қарулар бар екендігі біз оларды қолданамыз дегенді білдірмейді», - деді. Сондай-ақ, Американың күші әскери және экономикалық жағынан Тегеранға қарсы тосқауыл бола алатынын да атап өтті.
Трамп басқа ірі державалардың, атап айтқанда Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Қытайдың және Ресейдің Иранмен байланысты проблемаларды шешуде белсенді рөл атқаратын кезі келгенін айтты. Осы тұрғыда Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімді тағы да сынға алды.
Ақүй басшысы Ресей мен басқа да елдерден Иранның ядролық бағдарламасынан бас тартып, Тегеранмен жаңа ядролық келісім жасауға шақырды.