Павлодар өңірінің ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар өңірінің ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы

08.01.2020

Павлодар өңірінде жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамыту және оларды несиелендіруге қатысты мәселелерді талқылады. Қазір аймақта 50-ден аса кәсіпорын ет өнімдерін даярлайды. Шарбақты ауданындағы «Абай» шаруашылығы класстерлік жүйе бойынша жұмыс істейді. Бұнда 10 мың ірі қараға арналған бордақылау кешені бар. Биыл 3 мың бас жемдеуге қойылды. Алдағы уақытта 30 мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарланып отыр. Өнім Ресей, Қытай, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберіледі. Шаруашылық автоматтандырылған технологияны сатып алу үшін мемлекеттен өсімі төмен несие алды. Мұнда жылына 100 мың тоннадан аса ет дайындауға болады. Алайда, саланы білетін кәсіби мамандардың болмауы кедергі келтіріп отыр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу