Алдағы 5 жылда халықтың денсаулығын нығайтып, білім сапасын жақсартуға мемлекеттік бағдарлама қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жылда халықтың денсаулығын нығайтып, білім сапасын жақсартуға мемлекеттік бағдарлама қабылданды

08.01.2020

Атаулы әлеуметтік көмек беріле бастады. Әзірге 367 отбасы жаңартылған механизм бойынша жәрдемақыларын алды. Бұдан бөлек алдағы 5 жылда халықтың денсаулығын нығайтып, білім сапасын жақсартуға мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үкімет мүшелері үдеден шығу жолындағы жоспарларымен бөлісті.

Үкімет әлеуметтік көмекті жыл өткен сайын арттыра бермек. Биыл бюджеттің басым бөлігі осы салаға бөлініп отыр.

Қолдау көретін жұрттың 7 миллионнан астамы бюджеттік қызметкер. Олардың жалақысын 25-30 пайызға арттыру үшін қазынадан 3,7 триллион теңге бөлінді. Сосын мемлекет 2025 жылға дейін адам өмірін 73-тен 75 жасқа дейін ұзартуды міндет санап отыр. Бұл озық медицина, қолжетімді дәрі-дәрмек негізінде жүзеге аспақ. Тағы көптің көңілін күпті еткен атаулы әлеуметтік көмек қайта жүйеленді. Былтыр басы даудан арылмап еді. Биыл көпбалалы отбасыларды бөліп-жармай бәріне бірдей төлем жасалатын болды. Тізім әлі жазылып жатыр. Ал бүгінге дейін 367 адамға жәрдемақы аударылған. Бірақ қолдаудан құр қол қалу қаупі де бар.

Тағы бір жаңалық. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары мектепте тегін тамақ ішетін болады. Ал мектепте тамақ ішетін жер қарастырылмаған алыс ауылдарда оларға азық-түлік пен гигиеналық заттар тегін беріледі. Оны үйлестіру жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Сондай-ақ алдағы 5 жылда балабақша тапшылығы, мектеп таршылығы тақырыбы толық жабылуы тиіс. Ал биыл қыркүйекке дейін білім ордалары бейнекамералармен қамтылмақ.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу