Иранның АҚШ әскери базасына жасаған шабуылынан 80-ге жуық адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның АҚШ әскери базасына жасаған шабуылынан 80-ге жуық адам қаза тапты

08.01.2020

АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына жасалған шабуылдан кемінде 80 сарбаз мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігі Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлап отыр. Сонымен қатар осы арна операция нәтижесінде бірнеше америкалық дрон мен тікұшақтар да жойылғанын жариялады.

Айта кетсек, қаңтардың 8-не қараған түні Ислам Республикасы Ирактың Айн-әл-Асад және Эрбиль қалаларындағы америкалық екі базаға 15 зымыран жіберді. Ресми Тегеран мұны генерал Касем Сүлейманидің өлімі үшін кек алу деп атады. Сонымен қатар Иран егер Вашингтон қарсы әрекеттерге көшетін болса, Құрама Штаттардың осы өңірдегі тағы 100 шақты нысанына соққы беретінін ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу