20 мың ақмолалық МӘМС-ке енбеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 мың ақмолалық МӘМС-ке енбеген

08.01.2020

Шамамен 20 мың ақмолалық әлі де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген. Олардың көпшілігі - уақытша жұмыссыздар. Облыста тіркеуде, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында қызмет ететіндер де бар. Олар бойынша қазір жұмыс жүргізілуде. Себебі тұрғындар медициналық қызметті тіркеуде тұрған мекенжай бойынша алуы тиіс. Ақмола облысының Денсаулық сақтау саласының жылдық бюджеті - 45 миллиард теңге шамасында. Оның 33 миллиарды кепілдендірілген тегін медициналық көмек бойынша яғни мемлекет тарапынан бөлінеді. Ал 12 миллиарды міндетті сақтандыру арқылы қарастырылған. Ал ақмолалықтар болса өткен жылы қорға 8 жарым миллиард теңге аударған. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН 

Хабарламаларға жазылу