Дәурен Абаев христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады

08.01.2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады. Министр Елордадағы Свято-Успенский кафедралды шіркеуіне барды. Рождество – христиандардың басты мерекелерінің бірі. Иса Пайғамбардың туған күні деп тойлайды. Мереке - бірлік пен келісімге шақырады. Мейірімге бөлеп, жақсылық жасауға үндейді, деді министр. Жалпы, Қазақстанда конфессияаралық келісім қалыптасқан. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу