Торғай даласына жіберілген құландардың бірін қаскөйлер атып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғай даласына жіберілген құландардың бірін қаскөйлер атып алған

08.01.2020

Қостанай облысында Алтын-Емел қорығынан арнайы әкелініп, Торғай даласына жіберілген құландардың бірін қаскөйлер атып алған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 337 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Құланның кесілген басы мен мойнындағы жерсеріктік қабылдағышын 26 желтоқсан күні қорықшылар тапқан. Олар қабылдағыштың қозғалмағанынан күдіктеніп іздеуге шыққан. Оқыс оқиға Арқалықтан 70 шақырым қашықтықтағы Қайыңды ауылының аумағында болған.   

Алайда қорықшылар бұл оқиға туралы Арқалық қалалық Ішкі істер бөліміне тек 3 қаңтарда хабарлаған. Арада сегіз күн өткенде құлан құлаған жерге барған полиция қызметкерлері мойынтақтан басқа еш айғақ таппадық деп отыр. Тіпті жануардың ажалы адамнан келді деп де нақты айта алмайды. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу