Маңғыстауда заң бұзған 6 өндіріс жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда заң бұзған 6 өндіріс жабылды

06.01.2020

Маңғыстауда бүтін бір ауылды шаңға көмген карьерлердің жұмысы тоқтады. Комиссия шешімімен, заң бұзған 6 өндіріс жабылып, тағы бесеуі бақылауға алынды. Шетпе ауылын жағалай орналасқан карьерлер таудың тасын өндіру барысында заң талаптарын ескермеген. Салдарынан тұрғындар шаңға тұншығып, түрлі дертке шалдықты. Тауды қопарған сайын тұрғын үйлердің қабырғалары сөгіліп, халықтың өміріне қауіп төнді. Алайда, бұған қарап жатқан карьер қожайындары жоқ. Жергілікті билік олармен жаздан бері келісімге келе алмай отыр. Ақыры шарт орындалмаған соң мекемелердің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жалпы Маңғыстау ауданында 29 карьер бар. Оның 11-і Шетпе ауылының маңында.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу