Қаңтардан бастап кәсіпкерлердің табыс салығы қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтардан бастап кәсіпкерлердің табыс салығы қысқарады

06.01.2020

Ел бюджеті алдағы үш жылда 400 миллиард теңгеден қағылғалы тұр. Алайда бұл кәсіпкерлер үшін пайдалы болғалы тұр. Себебі бұл қаражат 1 миллион 200 мыңнан аса кәсіпкердің табыс салығынан қысқартылады. Яғни қаңтардан бастап іскер ортаға үлкен жеңілдік жасалатын болды. Тура үш жыл олардың ісіне тексеріс те жүргізілмейді.  

Табыс салығын сақтап қалуға барлық кәсіпкер бірдей құқылы емес. Бұл тек микро және шағын бизнес иелеріне көрсетіледі.

Сонымен іскер орта салық салмағынан арылып қана қоймай, алдағы үш жыл негізсіз тексерістен де тыныш болады. Президент солай пәрмен берді.

Кәсіпкері көп ел – әлеуеті зор ел. Сондықтан үш жылдық жеңілдік бизнесменнің жетілуіне берілген мерзім.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу