Елімізде бірінші қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылып, бюджет көлемі 1,6 триллион теңгеге ұлғайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі айтты. Олжас Әбішевтің сөзінше, мемлекет тарапынан кепілдендірілген пакет азаматтардың статусына байланысты емес. Тегін көмек көрсетіледі. Ал негізгісі кеңейтілген пакет. Бұнда егер азаматтардың статусы сақтандырылған болса КТ, МРТ диагностикасы және оңалту шаралары сияқты қымбат медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер тегін болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарнаны мемлекет төлейді. Қазіргі таңда тұрғындардың 95 процентке жуығы аталған жүйемен қамтылған. Вице-министр әзірге 400 мыңдай адамның статусы анықталмай отырғандығын айтады.
Саламат ОМАШ