Басқосуларда негізінен елдімекендерді оңтайландыру, әлеуметтік көмек жайы сөз болды. Сонымен қатар Жастар жылының қорытындысы туралы ақпарат берілді. Екі күндік сапармен келген депутаттар аймақта барлығы 80-ге жуық кездесу өткізбек. Шалғай ауылдарға да барып, ондағы тұрғындардың бүгінгі тірлігімен танысты. Сондай кездесудің бірі Әулиекөл ауданында өтті. Мақсат – кері байланысты нығайтып, көпшіліктің ұсыныс тілегін тыңдау.
Дәуренбек Әбдібек