Ақтөбеде банк қызметкері тамыр-таныстарын тақырға отырғызған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде банк қызметкері тамыр-таныстарын тақырға отырғызған

06.01.2020

Тамыр-танысын тақырға отырғызды. Ақтөбеде банк қызметкері алаяқтық жасап, істі болды. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ол таныстарынан алдымен 50-70 мың теңгеден алып, үстемақысымен қоса қайтарып отырған. Әбден сенімдеріне кірген соң миллиондаған қаржыны оңай алып, хабарсыз кеткен. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Алайда оның нақты қанша миллион теңгені қалтасына басқаны айтылмады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу