Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджет көлемін 1,6 триллион теңгеге ұлғайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджет көлемін 1,6 триллион теңгеге ұлғайтты

06.01.2020

Елімізде бірінші қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылып, бюджет көлемі 1,6 триллион теңгеге ұлғайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі айтты. Олжас Әбішевтің сөзінше, мемлекет тарапынан кепілдендірілген пакет азаматтардың статусына байланысты емес. Тегін көмек көрсетіледі. Ал негізгісі кеңейтілген пакет. Бұнда егер азаматтардың статусы сақтандырылған болса КТ, МРТ диагностикасы және оңалту шаралары сияқты қымбат медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер тегін болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарнаны мемлекет төлейді. Қазіргі таңда тұрғындардың 95 процентке жуығы аталған жүйемен қамтылған. Әзірге 400 мыңдай адамның статусы анықталмай отыр дейді вице-министр.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу