Жаңа жылдық мерекеден кейін табиғи шыршаларды хайуанаттар бағына тапсыруға болады. Себебі шыршалар зообақтағы жануарлар үшін өте қажет дейді қарағандылық мамандар. Оларды құстарға төсеніш ретінде пайдалануға болады. Аюлар қылқан жапырақты бұталармен ойнағанды жақсы көрсе, ешкі, бұғылар сүйсініп жейді. Мерекеден кейін тұрғындар зообаққа 60-қа жуық шырша әкеліп тапсырған. Жануарлар жараланып қалмас үшін шыршаларды шыны ойыншықтардан, түрлі әшекейлерден тазартқан жөн.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ