Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының тұрғындары жаңа жылды жылусыз қарсы алатын түрі бар. Өйткені көпқабатты 8 үйде тұратындар қыс басталғалы қалтырап отыр. Осыған дейін әр пәтері пешпен жылынатын екі қабатты тұрғын үйлер жазда жаңа жүйеге қосылған. «Бірақ от жағып, күл шығарудан арылатын болдық», - деген жұрттың қуанышы ұзаққа созылмады. Мәселенің мән-жайын өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып тарқатады.