Павлодардағы жабылуы мүмкін кооперативке қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері сұхбат берді. Мамандардың айтуынша, кіріс органдарында деректер базасы автоматтандырылмаған. Ортақ электронды жүйе жоқ. Сол себепті құзырлы мекеме құжаттардың дұрыстығына көз жеткізе алмаған. Жүйедегі олқылықтың кесірінен кооперативтер мемлекет бөлген қаржыдан қағылып отыр.