Алматы әкімі ұшақ апатынан зардап шеккен 9 баланың жағдайын білді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі ұшақ апатынан зардап шеккен 9 баланың жағдайын білді

30.12.2019

Алматы әкімі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына барып, ұшақ апатынан зардап шеккен 9 баланың жағдайын білді.

Қала басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балалардың тез сауығып кетуін тілеп, Мемлекет басшысының жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті. Ал аталған орталықтың бас дәрігері қазір алты бала қарқынды терапия бөлімінде, үшеуі травматологияда жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, науқастардың жағдайы орташа. Балалардың екеуіне осы заманға сай емдеу әдістерін пайдалану арқылы операция жасалған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу