Испанияның теңіз сақшылары Атлант мұхитында 52 мигрантты құтқарды. Олардың барлығы – африкалықтар. Босқындар Гран Канар аралдарына жеткізілді.
Қызыл Крест ұйымының мәлімдеуінше, құтқарылғандар – ер адамдар және жасөспірімдер.
Жыл сайын Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бастарын қауіпке тігіп Еуропаға сан мың адам аттанады. Биылдың өзінде Испанияға осы жолмен 24800-ге жуық заңсыз мигрант барған. Олардың көпшілігі «Қарт құрлықты» бетке ұстап, қайықпен жолға шығып, өз өмірлеріне қатер төндіреді.
Арыстан РЫСБЕК