31 желтоқсан сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 желтоқсан сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

30.12.2019

Петропавлда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз 13, түнде 24 градус нөлден төмен. 

Көкшетауда да көшпелі бұлт шығады. Күндіз 15, түнде 20 градус суық. Қостанайда қар жаууы мүмкін. Сынап бағанасы күндіз -7, түнде -20 градусты көрсетеді. 

Павлодарда да қар жаумақ. Күндіз 14, түнде 17 градус суық.

Қарағандыда синоптиктердің болжамы бойынша, қар жауады. Термометр бағаны күндіз 9, түнде 14 градус нөлден төмен. 

Жезқазғанда да қар жаууы ықтимал. Күндіз 7, түнде 13 градус суық. 

Өскеменде ауа температурасы күндіз 2, түнде 4 градус нөлден төмен. Семейде сынап бағанасы күндіз 4, түнде 9 градус суықты көрсетеді. 

Оралда қар жаууы мүмкін. Күндіз 2, түнде 11 градус суық. 

Атырауда көшпелі бұлт шығады. Күндіз 1 градус жылы, түнде 6 градус суық. Ақтөбеде қар жауады. Термометр бағаны күндіз 4, түнде 9 градус суықты көрсетеді. 

Ақтауда күн бұлтты. Күндіз +6, түнде +3. 

Таразда күн жауын-шашынды. Күндіз 6 градус жылы, түнде 0. 

Түркістанда қар жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 1 градус нөлден жоғары, түнде 1 градус төмен. 

Қызылордада күндіз 1 градус жылы, түнде 3 градус суық. 

Талдықорғанда сынап бағанасы күндіз +1, түнде -2 градусты көрсетеді. 

Шымкентте күн бұлтты. Күндіз +6, түнде 0. 

Алматыда қар аралас жаңбыр жауады. Термометр бағаны күндіз 1 градус нөлден жоғары, түнде 0. 

Нұр-Сұлтанда қар жауады. Күндіз 15, түнде 19 градус суық.  

Арай КЕНЖИНА


Хабарламаларға жазылу