Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

30.12.2019
Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. «Өткен тәулікте үшеуі аураханадан шығарылды, қазір клиникаларда 46 науқас, оның ішінде 9-ы - бала. Балалар туралы айтатын болсақ, барлық балалардың жағдайы тұрақты, олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сапалы ем-шаралардың жүргізілуін Денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауында ұстап отыр.

Ересектер туралы айтатын болсақ, ауыр жағдайдағы науқастар бар. Оның 7-уі - жансақтау бөлімінде, 4-уі - қалалық ауруханада және 2-уі Алматы - облыстық клиникалық ауруханасында. 1 науқастың жағдайы бізді алаңдатып отыр. Оның сүйектері сынғанына байланысты май эмболиясы бұзылған, сондықтан ол жасанды тыныс алу аппараты арқылы дем алуда.

Қазір онда ғылыми орталықтардың басшыларымен бірігіп біздің дәрігерлер тобымыз жұмыс істеп жатыр, олар кеше кеңес өткізді, қандай тактика қооданатындарын ақылдасып шешті, бүгінде толықтай емдеуді жалғастыруда», - деді Біртанов. 

Сонымен қатар ұшқыштың жағдайы туралы айтты.

«Жағдайы - ауыр, бірақ тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатыр. Сүйектерінің барлығы дерлік сынған, операция жасалды», - деп толықтырды министр. Дәрігерлер бір күндік жалақыларын зардап шеккендердің есебіне аударды.

«Емдеуге жұмсалатын шығындарға келетін болсақ, толықтай ақысыз болады, өйткені бұл - жедел медициналық көмек. Ол кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ішіне кіреді. ОСМС аясында кейіннен қалпына келтіруге қажетті барлық көмек көрсетіледі. Біз бұл науқастарды қадағалайтын боламыз. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ психологтардың көмегі көрсетіле бермек. Қаржылық көмек туралы жергілікті атқарушы билік анықтайтын болады», - деп түйіндеді ол.


Хабарламаларға жазылу