Көктайғақ, тұман, бұрқасын - 30 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктайғақ, тұман, бұрқасын - 30 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

30.12.2019
Көктайғақ, тұман, бұрқасын - 30 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Желтоқсанның 30-ы күні Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болуы да ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, бұрқасын, жолда көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Жармин ауданында екпіні 25 м/с болатын жел соғады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. 

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. 

Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. 

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Хабарламаларға жазылу