АҚШ Қазақстанмен әріптестікті арттыруға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қазақстанмен әріптестікті арттыруға мүдделі

26.12.2019

Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен арадағы әріптестікті нығайтуға мүдделі. Еуразия құрлығында жылдан-жылға беделі және экономикалық әлеуеті артып келе жатқан Қазақстан секілді мемлекетпен достық және іскерлік қатынастың потенциалы үлкен дейді АҚШ ғалымдары мен іскер орта өкілдері. Әсіресе бизнес,аграрлық, мәдениет, өнер салаларының әлеуеті зор. Сондай-ақ екі елдің ғалымдары арасындағы байланысты тереңдетуге де мүмкіндік мол. Вашингтон қаласында өткен Қазақстанның мәдениет күндері аясында тараптар осындай ойға тоқтады. Кеште қазақстандық өнерпаздар америкалықтарға арнап қазақ әндерін орындап, сурет көрмесін тарту етті. 

Хабарламаларға жазылу