Спирттік ішімдіктер дайындайтын цех әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спирттік ішімдіктер дайындайтын цех әшкере болды

26.12.2019

Шымкент қаласында спирттік ішімдіктерді дайындаумен заңсыз айналысқан жасырын цехтың жұмысы әшкере болды. Жымысқы әрекет құзырлы орган өкілдері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. Цехтың ішін тексеру кезінде арақ-шарап құйылған 25 мың 300 шөлмек пен 15 тонна спирт табылған. Сондай-ақ, 1 миллионнан астам марка мен шөлмектердің аузын жабуға арналған құрал-жабдықтар, қораптар мен 100 мың дана қаңылтыр қақпақ тәркіленген. Экономикалық тергеу департаменті тексеру кезінде көлеңкелі бизнесті ұйымдастырған топтың мүшелері анықталды. Олардан 2 миллион теңге ақша айғақты зат ретінде алынған. Мамандар ұсталған азаматтардың бұл кәсіппен қай уақыттан бері айналысып келе жатқанын және қолдан жасалған ішімдіктерді қайда өткізіп отырғанын анықтауға кірісті. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу