Қостанай облысындағы Қашар кенішінен көне дәуірге жататын мұхит мақұлығының тасқа айналған қаңқасы табылды. Ол теңіз деңгейінен 150 метр тереңдікте топырақты қазып жатқан экскаватордың асауышына іліккен. Тас қаңқадан бір жарым метрге жуық омыртқа жотасы анық байқалады. Мамандар кеніштен бұған дейін де бірнеше рет теңіз мақұлықтарының ұсақ дене бөлшектері шыққанын айтады. Себебі 5 млн жыл бұрын Қостанай облысының аумағында Тетис атты ежелгі мұхит болған. Тас қаңқа қазір кен өндіруші кәсіпорынның мұражайында тұр. Бұл балықты әлі де жан-жақты зерттеу керек дейді мамандар.
Дәуренбек Әбдібек