Израиль Премьер-министрі митингте сөз сөйлеп тұрғанда Газа секторынан ракета жіберілді. Сондықтан Биньямин Нетаньяху бір сәтке жасырынуға мәжбүр болды.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласында болды. Дегенмен Израиль армиясы палестиналық анклавтан көтерілген зымыранды дер кезінде атып түсіргенін мәлімдеді.
Үкімет басшысы мұндай жағдайға екінші рет ұшырап отыр. Қыркүйекте ракетаның сиренасынан Ашдод қаласында Нетаньяху ұйымдастырған шерудің де шырқы бұзылған еді.
Арыстан РЫСБЕК