Бұл туралы ғимараттың архипресвитері Патрик Шове мәлімдеді. Оның айтуынша, ғимаратты 50 пайыздық ықтималдықпен ғана сақтап қалуға болады. Оған құрылыс сатылары үлкен қауіп туғызып тұр.
Патрик Шове енді қалған ағаштарды алып тастауды ұсынды. Алайда оны ғимаратқа нұқсан келтірмей істеу қиынға соғып отыр.
Айта кетейік, Нотр-Дам шіркеуі 15 сәуірде отқа оранды. Өрт ғимараттың көп бөлігін шарпып, біраз бөлігі қирады. Өрт келесі күні сөндірілді. Салдарынан үш адам зардап шекті. Франция президенті Эммануэль Макрон шіркеуді қалпына келтіруге уәде берді. Жоспар бойынша толық қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы басталады.
Фото: businessman.ru