Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Бас прокурор 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен жоспарланған басты мақсаттар туралы мәлімет берді. Сонымен бірге, Елбасына азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Кездесу барысында елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, Қазақстанда қылмыс саны 16%-ға азайған. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.