Шымкент қаласы инвестициялық жобалардың көшін бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы инвестициялық жобалардың көшін бастап тұр

25.12.2019

Биыл құны 2,5 млрд доллар болатын 15 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындар іске қосылды. Мәселен, жіп фабрикасы жылына 6 мың тонна мақта талшығы өнімдерін шығарып, шетелге экспорттауға қауқарлы. Ал тоқыма өнімдерінің кәсіпорыны 800 адамды жұмыспен қамтымақ. Өңірдегі осы және өзге де жаңалықтар әкімнің журналистер алдындағы есебінде айтылды. 

Шымкент - тек демографиясымен ғана емес, экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленетін қала. Биылғы 11 айда өнеркәсіп өнімі 16,4 пайызға, ауылшаруашылық өнімі 5,5 пайызға, тұрғын үй көлемі 15,3 пайызға, бөлшек сауда көлемі 7,1 пайызға өсті. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу