Мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды

25.12.2019

Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті. Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімдері ірі қара мал басын көбейту және сиыр еті өндірісін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қазіргі таңда елімізде ірі қараның басы 7 миллионнан асқан. Жыл сайынғы өсім - 5%. 

Кеңеске қатысушылар мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру, бордақылау алаңдарына жемді жеткізуді қамтамасыз ету шараларын талқылады. Үкімет басшысы өкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өңірлер әкімдіктеріне аграрлық бизнес өкілдерімен бірлесіп, Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді іске асырудың оңтайлы тетіктерін егжей-тегжейлі және кешенді пысықтауды тапсырды. 

Ербол Мәндібек

 

Хабарламаларға жазылу