Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде жарық көреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде жарық көреді

25.12.2019

Абайдың 175 жылдығына орай ғұламаның қара сөздері нидерланд тілінде жарық көрмек. Еліміздің Нидерландтағы елшілігі мен Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Әуезова құнды еңбекті жарыққа шығаруға қызу кірісті. Зифа Мұратқызы-Еуропада тұрса да елінің мәдени мұрасын түгендеп, қазақ білімі мен ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүр. Айтуынша, ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін прозалық шығармасы-Еуропалықтардың үлкен сұранысына ие. Сондықтан, құнды еңбектің нидерланд тіліне шебер аударылуын шығыстанушы ғалым өзі жеке қадағалап отыр. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу