Ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды

25.12.2019

Қарағандыда жекеменшік серіктестік аясында ересектерге арналған оңалту орталығы ашылды. Заманауи орталық бірден 40 адамды қабылдауға қауқарлы. Медициналық мекеме инсульт, қимыл-тірек аппараттарымен жабдықталған. Мұнда нейрохирургиялық операциялардан кейінгі оңалту шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар орталық заман талабына сай физио-терапия, ультра дыбысты, электротерапия мен магнитерапия аппараттарымен жабдықталған. Жарақаттан кейінгі оңалтуға арналған жаттығу құрылғылары да бар. Орталықта 80 маман екі ауысыммен еңбек етеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу