Димаш әлемдегі үздік әншілердің үштігіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш әлемдегі үздік әншілердің үштігіне енді

25.12.2019
Димаш әлемдегі үздік әншілердің үштігіне енді

Димаш Құдайберген Adagio World жүлдесінің «Әлемдегі үздік орындаушы» аталымында үшінші орынды иеленді. Үздік орындаушылар тыңдармандардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша таңдалды. Дауыс беру adagio.world сайтында 25 қараша - 25 желтоқсан аралығында өтті. Номинацияға барлығы 15 танымал әнші қатысты. Үміткерлердің қатарында Димаштан басқа Лара Фабиан, Сара Брайтман, Хосе Каррерас сияқты танымал жұлдыздар болды.

Adagio World нұсқасы бойынша бірінші орын ресейлік опера әншісі Сергей Дудинскийге, ал екінші орын танымал француз әншісі Лара Фабианға бұйырды. Ал Димаш үшінші орынды алды. 

Дауыс беруге 2,2 миллион адам қатысқан. Димашқа 402 мыңнан астам дауыс берілген.


Хабарламаларға жазылу