РУСАДА арбитраждық сотқа шағымданбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

РУСАДА арбитраждық сотқа шағымданбақ

25.12.2019

Ресей Дүниежүзілік антидопингтік агенттіктің осы ел спортшыларын халықаралық ойындардан аластату туралы шешімін қабылдамайтынын ескертті. Мұны Ресей Олимпиада комитетінің президенті Станислав Поздняков мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Ресей антидопингтік агенттігі – РУСАДА Дүниежүзілік антидопингтік агенттікке өзінің қарсылығын жұма күні жібереді. Және де Мәскеу Спорт жөніндегі арбитраждық сотқа шағым жазатынын мәлімдеп отыр 

Ресей желтоқсанның 9-ында Олимпиада ойындары мен әлемдік турнирлерден төрт жылға шеттетілді. Дүниежүзілік антидопингтік агенттіктің дерегінше, бұған РУСАДА-ның допингтің сараптама қорытындыларын бұрмалауы себепші.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу