СҚО-да көкжөтелге шалдыққандар саны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көкжөтелге шалдыққандар саны күрт өсті

25.12.2019

Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтелге шалдыққандар саны күрт өсті. Биыл бұл дерт 36 балада анықталған. Эпидемиологтардың айтуынша, басты себеп ата-аналардың баласына екпе салдырмауында.

Мәселен, биыл екінші тоқсанда 265 адам екпеден бас тартса, үшінші тоқсанда 11 адамға көбейген. Жалпы, балаларға 12 түрлі аурудың алдын алу үшін вакцина тегін салынады. Ал облыс бойынша дертке шалдыққандардың көбі - 1 жасқа толмаған балалар. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу