Непалда Қытайдың 122 азаматы тұтқындалды. Катманду полициясының хабарлауынша, олар киберқылмыспен және банкоматтарға хакерлік шабуыл жасаумен айналысқан. Күдіктілер елге туристік визамен баратын шетелдіктерді тексеру кезінде қолға түсті. Олардың құжаттары мен ноутбуктері тәркіленіп, өздері әр түрлі полиция бөлімшелеріне қамалған.
Құқық қорғау органдары бұл операциядан Қытай елшілігі хабардар болғанын әрі оны қолдағанын атап өтті. Қазір екі елдің өкілдері осы бағытта бірге тергеу жүргізіп жатыр.
Қытай азаматтары шетелде заңсыз әрекетпен айналысқаны үшін жиі тұтқындалады. Жуықта Филиппин аралдарында жасырын казинода жұмыс істеген 342, ал маусымда Жапонияда есірткі затын көлікке тиеп жатқан жерінен 7 қытайлық ұсталды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ