Сирияның солтүстік-батысында Ресейге арқа сүйеген үкімет армиясы қарулы топтармен шайқаста басымдық байқатып отыр. Бұл операцияның мақсаты – оппозицияның қолындағы соңғы провинция - Идлибті президент Башар Асад билігіне қайтару. «Рейтердің» хабарлауынша, осы соғысқа байланысты мыңдаған бейбіт тұрғын үйлерін тастап кетті. Бұл науқан бірнеше ай бұрын басталды. Алайда, оппозиция күштері үлкен қарсылық көрсетіп жатқандықтан, Асад армиясы Идлибті әлі ала алмай отыр. Айта кетсек, Түркия оппозиция отрядтарын қолдады. Ал Ресей мен Иран - үкімет әскерінің жағында. Соған қарамастан, Мәскеу, Анкара, Тегеран қазір Сириядағы жанжалды саяси жолмен тоқтатуға күш салып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК