2020 жылғы демалыс күндерінің уақыты өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылғы демалыс күндерінің уақыты өзгерді

24.12.2019
2020 жылғы демалыс күндерінің уақыты өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Демалыс күндері: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген қаулы мәтінінде.

Қаулыға сәйкес, қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда демалып, 5 қаңтар күні жұмысқа шығатын болады. 


Хабарламаларға жазылу