Президент Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру шешімін қабылдағанын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру шешімін қабылдағанын айтты

23.12.2019

Ұлттық кеңестің екінші отырысында Президент айтқан негізгі мәселелердің бірі — қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминализациялау. Яғни өзге адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, жала жабуды қылмыс деп танымау. Қоғамда қызу талқыланған мәселе Ұлттық кеңестің бірінші отырысында көтерілген еді. Жұмыс тобы аталған мәселенің құқықтық, гуманитарлық жағы мен халықаралық стандартқа сай болуын ескеріп, өзгерістер енгізген. Ұлттық кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру шешімін қабылдағанын айтты. Алайда жалған мәлімет тарататындарға жауапкершілік пен адамдар құқығының сақталуына кепілдік болуы керек екенін айтты.  

Хабарламаларға жазылу