Нұр-Сұлтан қаласындағы құбырлардың қақпағын онлайн бақылайтын құрылғылар орнатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы құбырлардың қақпағын онлайн бақылайтын құрылғылар орнатылмақ

23.12.2019

Келер жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы құбырлардың қақпағын онлайн бақылауға болатын құрылғылар орнатылмақ. Бұл туралы Қазақстанда жасанды интеллекті дамытуға арналған халықаралық форумда айтылды.

Мамандардың сөзінше, бұл жоба іске асырылса люктардың қақпағы ашылған кезде орталыққа бірден хабар түседі. Сол арқылы қақпақ заңды түрде ашылғанын немесе ол жерде ұрлық болғанын анықтауға болады. Бұл біраз қылмыстың бетін ашуға септігін тизігеді,-дейді олар. Сондай-ақ, қазір тұрғын үйлер мен көшелерде адамның түрін танитын камералар орнатылуда. Бүгіннің өзінде ел бойынша 35 мыңы жұмыс істеп тұр. Олар ақпаратты автоматты түрде өңдей алады. Ондағы жазбалар 7 күннен бір айға дейін сақталады. Бірақ, әзірге камералардың сараптама қызметі іске қосылмаған. Өйткені, оған құқық қорғау органдарының келісімі керек.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу