Еуропаға бір апта ішінде екі алапат дауыл соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға бір апта ішінде екі алапат дауыл соққы берді

23.12.2019

Өткен сәрсенбіде басталған «Эльза» мен апта соңындағы «Фабиан» циклонынан бірнеше елді тасқын жайлап жатыр. Табиғи апат салдарынан Испанияда 8 адам қаза тапты. Нөсер жауыннан жергілікті өзендер арнасынан тасып, үйлер су астында қалған. Ал, желдің жылдамдығы сағатына 170 шақырымға дейін жетіп отыр. 

Сонымен қатар, Италияда 3 адам, Португалияда 2 адам құрбан болды. Орталық Португалияның апатты аймақтарынан 250-ден астам адам эвакуацияланып, мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз қалған.

«Фабианнан» Францияның оңтүстік-батысы да зардап шегіп отыр. Оның бірқатар елді мекендерінде жолдарды су шайып, жергілікті порттар мен әуежай қызметі доғарылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу