Келер жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы құбырлардың қақпағын онлайн бақылауға болатын құрылғылар орнатылмақ. Бұл туралы Қазақстанда жасанды интеллекті дамытуға арналған халықаралық форумда айтылды.
Мамандардың сөзінше, бұл жоба іске асырылса, люктардың қақпағы ашылған кезде орталыққа бірден хабар түседі. Сол арқылы қақпақ заңды түрде ашылғанын немесе ол жерде ұрлық болғанын анықтауға болады.
Аманкелді СЕЙІТХАН