Астанада үздік жобаларға қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үздік жобаларға қолдау көрсетіледі

02.03.2017
Ауыл әйелдері арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы байқау жарияланды. Үздік жоба иелеріне кәсібін әрі қарай дөңгелету үшін қаржылай көмек көрсетіледі. 2012 жылдан бері елді мекендердегі 7 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері мен қаржылық сауатын арттыру бойынша білімін жетілдірді.

31 әйел 1 жарым млн. теңге көлемінде қайтарымсыз несие алды. Қарағандылық Шолпанай Тұрдышева осы қолдаудың арқасында иелігіндегі жылыжай аумағын кеңейтті. Бүгінде өзі тұратын Ақбұлақ ауылын қысы-жазы қияр, қызанақпен қамтамасыз етіп отыр.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу