Ақтаулық көлік жүргізушілер қазынаға 653 млн теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық көлік жүргізушілер қазынаға 653 млн теңге қарыз

23.12.2019

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, бұл - соңғы 5 жылда жиналған сома. 

Борышкерлерді мәжбүрлеу үшін құзырлы орган сотқа жүгінді. Нәтижесінде биыл өткен жылға қарағанда бюджетке 45 млн теңге көп түскен. 

Қазір облыс орталығында 41 мыңнан астам автокөлік бар. Соның 14 мыңының салығы төленбей отыр.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу