Көктайғақ, тұман, боран: Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктайғақ, тұман, боран: Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

23.12.2019
Көктайғақ, тұман, боран: Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

23 желтоқсанда елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп, солтүстік өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты 23 желтоқсанда кей жерлерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашын тоқтайды. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел күшейеді», - делінген хабарламада. 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 23 м/с-қа күшейеді. 

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнгі және таңертеңгі желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Ақмола облысында жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәулік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарында тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Хабарламаларға жазылу