ЛРТ құрылысына бөлінген қаржыны жымқырғандар кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЛРТ құрылысына бөлінген қаржыны жымқырғандар кімдер?

22.12.2019

18 желтоқсанда Бішкекте өткен бейбіт шараға жиналғандар биліктен жемқорлықпен күресіп, ақпарат құралдарына қысым жасауды тоқтатуды талап етті. Сонымен бірге бас прокурор Откурбек Жамшитовтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептейді. Себебі бас прокурор кеден қызметіндегі жемқорлық жайлы журналистік зерттеуге тиісті дәрежеде реакция танытпады деп есептейді. Жақында жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы және бір топ журналист Қырғызстаннан заңсыз жолмен кем дегенде 700 млн доллар қалай шығарылғаны туралы үлкен зерттеу материал жариялаған.  Бұл зерттеуге көмектескен тегі ұйғыр қытай кәсіпкері Айеркен Саймаитиді қараша айында Стамбулда атып кеткен еді. Ол заңсыз әрекеттерге мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов отбасының қатысы бар деп айтқан.

Ал қазақстандық жемқорлықпен күрес агенттігінің өкілдері Нұр-Сұлтандағы ЛРТ құрылысына бөлінген қаржыны ұрлау схемасын компанияның бұрынғы жетекшісі Талғат Арданмен бірге 2009-2014 жылдары қала әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков құрастырған, сызған деп мәлімдейді. Екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған. Ал ұсталған қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нүрпейісов кезінде әкімдікте басқарма басшысы болып, жемқорлықпен күресушілердің айтуынша, қылмыстық топтың шығындарын бекітуге атсалысқан. 24 миллиард теңгеге артық шығынды.

Жалпы, әкімдікте қызмет істеген 5 лауазым иесі, 6 мердігер ұйымның басшысы айыпты деген күдікке ілінген. Ал Қанат Сұлтанбеков дегенде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының төрағасы кезінде коррупция айыбымен ұсталып, 10 жылға сотталған емес пе, деп қарасақ, дәл өзі! Есімізде сақталғаны 2017 жылдың соңында 10 жыл колония кесіліп, 2018 жылдың басында Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Сұлтанбековтің жазасын ...2,1 миллиард теңге айыппұлға ауыстырған еді.     

 

Хабарламаларға жазылу