Мәскеуде Федералды қауіпсіздік қызметі ғимараты алдында оқ
атқан күдікті жалғыз болған. Бұған дейін бірнеше шабуылдаушы болды деген мәлімдеме жоққа шығарылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті 39 жастағы
Мәскеу тұрғыны. Алайда, бұл дерек ресми түрде әлі расталмай отыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқ атқан адамның тұрғылықты
мекен-жайы бойынша 7 қару түрі тіркелген. Ал желтоқсанның он тоғызында құқық қорғау
органдары оның пәтерінде тінту жүргізіп, электронды тасымалдағыштар, құжаттар
мен қару-жарақ анықтамаларын тәркілеген. Дегенмен, күдіктінің шабуылға не
себепті барғаны әзірге беймәлім.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ