Сыр
өңірінде биылғы жылдың үздік ауылдары
анықталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы
аясында үлгілі деп танылған 8 елдімекенге
облыс әкімінің қаржылай сыйақылары
табысталды.
Мұндай байқау республика бойынша тек Сыр өңірінде өткізіліп келеді. Жалпы ауылдағы ағайынның әлеуетін көтеру үшін биыл аймақта 1,9 миллиард теңге жұмсалды. Облыстағы 250-ден аса ауылдың ішінен көркейіп, гүлденіп, тұрмысы түзелген Таң және 3-ші Интернационал елдімекендері өңірдегі ең үлгілі ауылдар деп танылып, 10 миллион теңгенің сертификаттары берілді.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ